Берілген қызметті Қарағанды қаласының Білім бөлімінің порталы арқылы алу үшін міндетті түрде баланың ЖСН, кезек номері мен өтініш статусы жайлы хабарламаларды алу үшін ата-ананың (немесе зады өкілінің) қолданыстағы екі мобильді телефон номері және заңды өкілінің құқықтарын растайтын не/немесе балабақшадан орыналуға жеңілдіктері туралы құжаттардың электронды көшірмесі қажет.
Мемлекеттік тапсырыспен қызмет жасайтын жекеменшік балабақша деген не?
Мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік балабақша - балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін мемлекеттік тапсырыс аясында белгіленген мөлшерде ақы алатын мектепке дейінгі мекеме. Мемлекет республикалық бюджет қаржысынан балалардың нақты қатысуына көрсетілген қызметті төлейді, ал ата-аналар жекеменшік балабақша қызметтерін қосымша төлейді.
Мемлекеттік тапсырыспен қызмет жасайтын жекеменшік балабақшаға қалай орналасуға болады?
Мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік балабақшада бос орынның барын ата-аналар өздері анықтауы керек. Мемлекеттік тапсырысқа қатысатын жекеменшік балабақшалардың санын әкімшілік, сондай ақ жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік білімберу тапсырысын орналастыру комиссиясы құрастырады.